Басты бет Жаңалықтар Ерден Әріпов жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Ерден Әріпов жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Парламент сенатының жалпы отырысында ҚР жоғарғы сотының судьясы Ерден Әріпов қызметінен босатылды.

Фото: Tengrinews.kz

Сіздердің қарауыңызға Ерден Рауанұлы Әріповті жоғарғы сот судьясының қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент жарлығымен Ерден Рауанұлы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды, — деді ҚР жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Exit mobile version