Басты бет Қоғам Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары ауысты

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары ауысты

Аңсаған Балтабеков мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болды. Тиісті құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.

Президенттің өкімімен Батырбек Байбосынов мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымға 2021 жылғы тамызда тағайындалған еді.

Exit mobile version