Басты бет Жаңалықтар Қаскелеңде көлік қозғалысына кедергі келтірген көкпаршылар 10 тәулікке қамалды

Қаскелеңде көлік қозғалысына кедергі келтірген көкпаршылар 10 тәулікке қамалды

Қаскелең полициясы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген ат жарысына қатысқан алты адамды ұстады.

Видео скрині

Әлеуметтік желіде бір топ көкпаршы Қаскелең көшелерімен жүріп, көлік қозғалысына кедергі келтіргені түсірілген видео тарады.

Бастапқыда ойын қала сыртында өткені белгілі болды. Бірақ кейінірек қала көшелеріне көшті. Ал ұйымдастырушы — бір жасар жиенінің құрметіне көкпар ұйымдастырған 66 жастағы зейнеткер.

Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне қауіп төндіргені, сонымен қатар оларға материалдық залал келтірген алты көкпаршы ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес («ұсақ бұзақылық») әкімшілік іс қозғалды. Әрқайсысына он тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды. Сонымен бірге 614-баптың 1-бөлігі («көлікке кедергі жасау») бойынша да тіркелді, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Exit mobile version