Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанда Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы полициясында Qnet желілік компаниясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты. 

Фото: Іnformburo.kz

Қазір Qnet компаниясының қызметіне қатысты Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР қылмыстық кодексінің 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, — деді Рустам Әбдірахманов.

Оның айтуынша, тергеу барысы ҚР бас прокуратурасы, ішкі істер министрлігі, Алматы прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Qnet Қазақстан Республикасы заңнамасына сайкес кәсіпкерлік қызмет көрсетіп жатқан жоқ. Компанияның банктік және инвестициялық қызметке лицензиясы мен рұқсаты жоқ,- деді қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Айта кетейік, компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына азаматтардан 220 шағым тіркелген.

Exit mobile version