Басты бет Жаңалықтар Қаңтар оқиғасы: Қызылордада полиция ғимаратына шабуыл жасағандар ұсталды

Қаңтар оқиғасы: Қызылордада полиция ғимаратына шабуыл жасағандар ұсталды

Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Фото: Polisia.kz

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен бірге 5 қаңтарда адамдар тобы болып жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорданың үш тұрғынын ұстады. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді,- делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр.

Exit mobile version