Басты бет Жаңалықтар Антикор: Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ

Антикор: Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы премьер-министрдің тергеуге алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Фото: Ult.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда «Асқар Маминге қатысты тергеу басталды» деген ақпарат тараған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ, — деп жауап берді Ұлан Сарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Exit mobile version