Басты бет Жаңалықтар Алматыда маусым айында жаңа екі метро бекеті іске қосылады

Алматыда маусым айында жаңа екі метро бекеті іске қосылады

Әуезов ауданында орналасқан «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері маусым айында ашылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Маусым айында жаңа екі метроны іске қосамыз. Олар «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында аталған екі метро станциясы техникалық тексеруден өткен болатын.

Exit mobile version