Басты бет Жаңалықтар Алматыда көшелер мен тұрғын үй аулаларын су басты

Алматыда көшелер мен тұрғын үй аулаларын су басты

Алматыда нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басты. Жауын салдарын жоюға төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан қала көшелері мен тұрғын үйлердің ауласына су толды.

жаңбыр, су тасқыны
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша қалалық төтенше жағдайлар департаментінің «112» желісі мен «109» құтқару қызметіне Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы, 234, Айтиев көшесі, № 8 және № 6 үй аулалары мен жертөлелерінің су басуы туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайларға су соратын техника мен адамдар жіберілді,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Алматының барлық сегіз ауданында су басудың алдын алу үшін инертті материалдар дайындалды. Қазселден қорғау мекемесі бақылауды күшейтті.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Суды кедергісіз ағызу және сорып алуды қамтамасыз ету үшін 609 адам, 252 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. Құм салынған 2 050 қап дайындалды, — делінген хабарламада.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Exit mobile version