Басты бет Қоғам Тоқаев 5 маусымда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Тоқаев 5 маусымда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Ол мұны Қазақстан халқына арнаған видеоүндеуінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

27 жыл бұрын өткізілген референдумда қазіргі Ата заң қабылданды. Одан кейінгі барлық конституциялық реформа парламентте мақұлданды. Негізінде, бұл — заңды қалыптасқан тәжірибе. Бірақ дамудың жаңа кезеңінде, жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдауымыз керек. Бұған кәміл сенемін. Сондықтан бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойдым, — деді Тоқаев.

Exit mobile version