Басты бет Қоғам «Иә» немесе «жоқ». Қазақстандықтар референдумда қалай дауыс береді?

«Иә» немесе «жоқ». Қазақстандықтар референдумда қалай дауыс береді?

Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдумның қай күні болуы мүмкін екенін және азаматтар онда қалай дауыс беретінін айтты.

Фото: Kapital.kz

Біз бүгін-ертең президенттің жарлығын күтеміз. 5 маусым — демалыс күні ыңғайлы болады деп отырмыз, — деді ол.

Мәжіліс депутаты сонымен бірге референдумда Қазақстан азаматтары қалай дауыс беретіні туралы айтты.

Бюллетеньде жауаптың тек екі нұсқасы болады: «иә» немесе «жоқ».

Референдумда шешім қабылдау үшін конституцияға енгізілетін өзгеріс мәтінімен еліміздің барлық азаматы танысуы керек. Кейін «иә» (қолдаймын) немесе «жоқ» (қарсымын) деп жауап беруі қажет, — деді Арман Қожахметов.

Айта кетейік, мұның алдында сенат «Конституцияда белгіленген мемлекеттің тәуелсіздігі, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-елбасы іргесін қалаған республика қызметінің түбегейлі принциптері және оның мәртебесі өзгермейді» деген сөздерді алып тастауды ұсынған. Бүгін, 5 мамырда мәжіліс сенаттың ұсынысын мақұлдады. Енді құжатқа президент қол қоюға тиіс.

Exit mobile version