Басты бет Жаңалықтар Елімізде депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме өсті

Елімізде депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме өсті

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың маусымына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

Фото: ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сонымен қатар 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және мамырдағы деңгейде сақталды,- делінген хабарламада.

Ұлттық қордың мәліметінше, 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді мөлшерлемелердің өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1% тармаққа және 0,2% тармаққа жоғарылаған.

Exit mobile version