Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық өнерпаз «Голос. Дети» жобасында үшінші орын алды

Қазақстандық өнерпаз «Голос. Дети» жобасында үшінші орын алды

Шымкенттік 11 жастағы Сағын Өмірбайұлы ресейлік «Голос. Дети» шоуының суперфиналына өтіп, үшінші орын иеленді.

Видео скрині

Аталған ән сайысының суперфиналына 3 үміткер шығып, өзара бақ сынады. Жерлесіміз суперфиналда «Единственная моя» әнін орындады.

Ақтық сайыста дауыс беру нәтижесінде 40,6% 8 жасар Аделия Загребина «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы атанды. Екінші орынды 32,2% дауыспен 12 жасар София Олареско иеленді. Отандасымыз 11 жасар Сағын Өмірбайұлы 27,2% дауыс жинап жүлделі үшінші орынға тұрақтады.

Видео скрині

Жас әнші сахна төрінде қолдау білдірген барша жұртқа алғысын айтып, тәлімгері, белгілі ресейлік әнші Полина Гагаринаға домбыраны сыйға тартты.

https://www.youtube.com/watch?v=tZqWiXiv8EY

Exit mobile version