Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысында кеншілерді жұмыстан кетуге мәжбүрледі

Қарағанды облысында кеншілерді жұмыстан кетуге мәжбүрледі

Қарағанды облысының Теректі кентіндегі "Алтай Полиметалл" кәсіпорны 150 жұмысшыны жұмыстан кетуге мәжбүрледі. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Фото: Кazminerals.info

Жұмысшылардың айтуынша, олар тиісті өтемақыны алмаған, бұған қоса қызметтік баспанасынан айырылған.

Қарқаралы ауданының әкімдігі хабарлағандай, бұл кәсіпорында 1 000-ға жуық қызметкер еңбек етеді. Биыл кеншілердің жалақысын да көтерген. Шенеуніктер адамдар неге наразы екенін түсіндірмеді.

Әкімдікте қарағандылық кеншілер еңбек инспекциясына жүгінбегенін айтады,- деді бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Ол жағдай Қарағанды облысы әкімі жанындағы үшжақты комиссияда талданатынын атап өтті.

Мәселені шешу үшін жұмыс берушіге 30 сәуірге дейін уақыт берілді. Сол күні бұл мәселе Қарағанды облысы жанындағы штаб отырысында қаралады. Егер олар осы уақытқа дейін өз құқығының бұзылғаны туралы арыз жазса, онда біз мемлекеттік еңбек инспекция ретінде тексерісті бастаймыз, — деді Төлеген Оспанқұлов.

Exit mobile version