Басты бет Жаңалықтар Ақтау әуежайы рейстерді кейінге шегереді

Ақтау әуежайы рейстерді кейінге шегереді

Ақтау әуежайының ұшу-қону алаңына жөндеу жүргізіледі. Бұл "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

©amazonaws.com

3 мамырдан 5 шілдеге дейінгі кезеңде дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына жабу жоспарланып отыр. Бұл күндердегі рейстер таңғы және кешкі сағаттарға ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version