Басты бет Қоғам Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасында қираған көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасында қираған көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қираған көлік иелеріне 258 миллион теңге төленді. Мұны Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыдағы аудан әкімдіктеріне автокөлік иелерінен 99 өтініш түскен. Оның ішінде 54 өтініш иесіне барлығы 258 миллион теңге төленген.

Аудан әкімдіктерінің қарауында бүлінген және жанып кеткен автокөліктер жөнінде   тағы 45 өтініш бар. Оларға ақшасы биылғы 15 мамырға дейін төленеді. Алматының аудан әкімдіктері тағы да өтініштердің түсуіне байланысты жұмысты жалғастыра беретінін хабарлады.

Өтініштерді аудандық әкімдіктері түскен күнінен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залал туралы өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн ішінде, зардап шегушінің  өзі  таңдаған тәуелсіз сарапшылар бағалайды.

Exit mobile version