Басты бет Қоғам Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болды

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болды

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болды. Оның кандидатурасын президент ұсынды.

Ерлан Қошанов. Фото: Inform.kz

26 сәуірде Amanat партиясының кезектен тыс съезді өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат, — деді президент.

Айта кетейік, бүгін, 26 сәуірде Amanat партиясының кезектен тыс съезді өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы қызметінен кетті және партия құрамынан шықты.

Exit mobile version