Басты бет Қоғам Тоқаевтың сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры қызметінен кетті

Тоқаевтың сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры қызметінен кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін "ҚазАвтоЖол" компаниясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры қызметінен кетті.

Әмір Кәрімбаев. Фото: Qaj.kz

Мұны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды, — делінген хабарламада.

Cонымен бірге «ҚазАвтоЖол» орталық аппараты мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкері мен маманына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылған.

Exit mobile version