Басты бет Қоғам Назарбаев Конституцияда тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде жазылады

Назарбаев Конституцияда тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде жазылады

Қазақстанның Конституциясында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі бекітіледі.

Фото: Еlbasy.kz

Мұны конституциялық реформа бойынша жұмыс тобының мүшесі, заң Ермек Әбдірасылов айтты.

Бірінші президенттің мәртебесіне келсек, Конституцияда бұл Конституция мен конситуциялық заңдармен реттелетіні жазылған. Жұмыс тобы «мәртебе Конституцияның өзінде анықталуы керек, бұл норманы нақтылайтын заңдарға емес, Конституцияның өзіне жүгіну керек» деген қорытындыға келді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Бұл мәртебе анықталады. Менің ойымша, мұның үлкен маңызы бар, өйткені оның сіңірген еңбегін, объектив фактіні бәріміз көрдік, оны бүкіл дүниежүзі көріп отыр, бұл Конституцияда бекітіледі, — деді Әбдірасылов.

Exit mobile version