Басты бет Жаңалықтар Ақтау тұрғындары Каспий жағалауында тасаттық берді

Ақтау тұрғындары Каспий жағалауында тасаттық берді

Ақтау тұрғындары Каспий жағалауында тасаттық берді. Бұл туралы Lada.kz порталы хабарлады.

Фото: Lada.kz

Қаланың 15-ші шағын ауданындағы амфитеатрдың алдына екі мыңнан астам адам келді Барлығы жауын тілеу намазын оқып, тасаттық рәсімдеріне қатысты. Шараға Маңғыстау облыстық діни басқармасы бастамашы болды.

Бекет ата атындағы облыстық мешіттің бас имамы Әнуар Елжановтың айтуынша, жергілікті фермерлер мен жер иеленушілері тасаттық салтын өткізуді сұраған. Осыдан кейін басқарма жергілікті биліктен рұқсат алып, халықты жинады.

Мұхаммед пайғамбардың заманында халық қаланың сыртында жиналып, намаз оқитын. Сөйтіп Алладан жауын сұрайтын. Қазір бізге де жаңбыр керек, — дейді Әнуар Елжанов.

Exit mobile version