Басты бет Жаңалықтар «Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында қайтыс болған 13 азаматтың отбасына қаржы аударды

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында қайтыс болған 13 азаматтың отбасына қаржы аударды

Қор қаңтар оқиғасында қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберді. Олардың жазатайым құрбан екенін құзырлы орган растады.

Алматы, 5 қаңтар. Фото: Алмас Қайсар

Сонымен бірге қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған  2 баланың ата-анасына қаржы берілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді.

Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы — 97 миллион теңге. Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді, — деп жазды баспасөз қызметі.

Exit mobile version