Басты бет Жаңалықтар Генерал-майор Қайдар Қарақұлов тергеу изоляторынан босатылды

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов тергеу изоляторынан босатылды

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов қамаудан босатылды. Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы растады.

Фото: ec-sport.kz/©Мұхит Қонаров

Бас прокурордың көмекшісі қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажеттілігінің болмауына байланысты Қарақұловты уақытқа ұстау изоляторынан босатты, — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Естеріңізге салайық, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов Жамбыл облысындағы өрт пен жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс аясында күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Exit mobile version