Басты бет Жаңалықтар Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

Алматыда халықаралық әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Мұны полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Yandex.kz

Бұған дейін қаладағы Forum сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

Полиция ақпараттың расталмағанын, жарылғыш зат табылмағанын мәлімдеді. Қазір ойын-сауық орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Содан кейін қаланың шұғыл қызмет күші Алматы халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны тексеруге жұмылдырылды.

Exit mobile version