Басты бетЖаңалықтар«Сарым–Закиева» заңы:...

«Сарым–Закиева» заңы: мәжіліс сенат енгізген толықтырулармен келісті

Бұл туралы Masa media хабарлады.

Енгізілген өзгеріске сәйкес, уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді шектеуге немесе жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеті алынып тасталды. Балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға рұқсат етіледі,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда шетелдік әлеуметтік желілердің ресми өкілдіктерін ашуға міндеттеу туралы норма жойылған болатын.

Парламенттің қос палатасы мақұлдаған заң жобасына енді президент қол қоюы тиіс.