Басты бет Жаңалықтар Қазақстаннан Тәжікстанға ұшатын рейстер саны артады

Қазақстаннан Тәжікстанға ұшатын рейстер саны артады

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейс саны артады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Фото: Reuters.com

Somon Air тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматыға халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттырмақ. Осылайша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді, — делінген министрлік хабарламасында.

Exit mobile version