Басты бет Жаңалықтар Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды

Павлодарда ЖШС басшысынан миллиондаған теңге бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды. Бұл туралы  Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Іnformburo.kz

Полицияның жедел қызметкерлері өңірдегі ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерін ұстады. Қазіргі уақытта Қазақстан қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі көлемде бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, — деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Бұл бап бойынша мүлікті тәркілеп, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 54 жастағы лидері 40 жастағы павлодарлықпен алдын ала келісе отырып, психологиялық қысым көрсету және күш қолданамын деп қорқыту арқылы ЖШС-лардың бірінің директоры мен оның орынбасарынан үшінші тұлғалардың пайдасына 52 миллион теңгеден астам қаражат аударуды талап еткен.

Exit mobile version