Басты бет Жаңалықтар Жаңаөзенге ауыз су кестеге сәйкес беріледі

Жаңаөзенге ауыз су кестеге сәйкес беріледі

18 сәуірден бастап, қыркүйек айына дейін Жаңаөзенге ауыз су кестеге сәйкес беріледі.

Фото: Infomedia.kz

«ӨзенИнвест» МКК мәліметінше, қалада ауыз су тапшылығы бар. Мұндай келеңсіз ахуал суға сұраныс күрт өсетін көктем мен жаз айларында байқалады. Ал оны үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ.

Бұл мәселе 2024 жылы ғана шешілуі тиіс. Себебі, сол жылы тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту қондырғысы салынады деп жоспарланып жатыр, — делінген хабарламада.

Exit mobile version