Басты бет Жаңалықтар «Синий кит» ойыны туралы ресми мәлімдеме жасалды

«Синий кит» ойыны туралы ресми мәлімдеме жасалды

ҚР ІІМ кейінгі кезде қоғам назарын аудартқан жастарды суицидке итермелейтін "Синий кит" және "Тихий дом" ойындарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев портал тілшісіне берген сұхбатында қазіргі уақытта суицидті насихаттайтын топтарға мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.

«Соңғы кездері әлеуметтік желілерде суицидті насихаттайтын «Синий кит», «Тихий дом» топтары тарап жатыр. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Сонымен қатар, ойын модераторлары ойыншы туралы мәліметтерді біліп отырады. Осы әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 6-бөлігі («Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу») тергеу жүргізіледі», — деді Сәдубаев. 

ҚР ІІМ мәліметінше, 2016 кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер бойынша тоғыз қылмыстық іс жүргізілген, алайда олардың әлеуметтік желі арқылы жасалғаны расталған жоқ.

«Әлеуметтік желілердің басқа елдерде орналасқанына байланысты бұл ресурстардың топтарын бұғаттаумен айналысамыз. Ата-аналарға балаларының виртуалды өміріне бақылау орнатуға кеңес береміз, егер осыған ұқсас жағдайға тап болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз. Сол деректерге сай шаралар қолданылатын болады», — деді Алмас Сәдубаев. 

Еске салайық, «Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын «Синий кит» (Тихий дом») деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды.

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. ВКонтакте желісінде «Синий кит» және «Тихий дом» топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

Ал топтың «Синий кит» деп аталу себебі — көк киттер мұхиттың жағасына шығып қалуы арқылы өлетін көрінеді. Топтың философиясы — өмір теңізінен өз еркіңмен шығып кету.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетітінің мәліметінше 2017 жылы кәмелет жасына толмаған балалар арасында жасалған 20 суицид оқиғасы тіркелген. Бұл  2016 жылмен салыстырғанда 42 пайызға (14 жағдай) көп.

35 пікір

    • Йа оте дурыс айтасыз кеше тагы бир баланын омирин жалмады бул ойын

  1. кудайым ау. Бул адамдар не болып бара жатыр. Жас балалардын омирин кыйып не кажети бар. Сумдыккой бул.

  2. Менің ойымша бәріне өзіміз кінәліміз. (Бұл менің өз ойым). Біріншіден балаларға смартфондарды өзіміз сатып алып бергенбіз. Ай сайын ақшасын толтырып отырамыз. Олардың не қарап немесе қандай сайттарға, порталдарға, әлеуметтік желілерге кіріп жүргенін бақыламаймыз. Қалай бақылаймыз, көпшілік ата-ана смартфонды мүлде түсінбейді. Сосын бала қалағанын жасайды. Екіншіден билік немесе БАҚ өкілдері кінәлі деп ойлаймын. 13-14 жасар жасөспірім өтпелі кезеңде «еліктегіш, ерме» болады дейді. Солай-ақ болсын. Онда неге олардың миын улап жатырмыз. Теледидарда, интернетте болып жатқан «паниканы» олар да көреді. Қызығушылығы артады. Не екенін көргісі келеді. Солайша қалай кіріп кеткенін байқамай да қаламыз. Сол себепті даурықпаны тоқтату керек. Сақтансаң сақтайды дейді.

  3. Сәлем құрметті интернет желісін қолданушылар!!! Қазіргі таңда Қазақстан Республикасына таңылып кеткен суицидке апаратын ойын түрі «Синий кит» немесе «Тихий дом». Балаларды бұл қорқынышты ойыннан қалай сақтаймыз деген ой келеді. Әрине бәріміздің ойымызға бірден «Болды, балаға сотка ұстатпау керек» деген шешімге келесіздер. Бұл қате шешім. Егер бала күйзелісте яғни, депрессияда жүрсе олар суицидке барады. Жаны күйзеліп жүрген жасөспірім осы тихий дом ойынының құрсауына тез түсіп жатады. Олар қандай жасөспірімдер? сұраққа жауап: үнемі көңілсіз жүретін, ата-ананың қолдауын күтетін, сабақтан шаршаған, тығырықтан шыққысы келетін, отбасы жағдайы, мектеп жағдайы т.с.с. Сондықтан құрметті ата-ана, аға-іні, әпке-сіңілі… қасында жүрген жақындарыңызбен тек сотка арқылы ғана емес жақынырақ сөйлесіңіздер, сырласыңыздар. «Барда алтынның қадірің бағала» деген сөз бекер айтылмаса керек. Құрметті ата-ана балаңызға көңіл бөліңіз. Сұақ қойғысы келген баланың бетін бір қайтарғанда бала ештеңе деместен кетеді, бірақ сіз жұмыстан шаршап келген кезде тағы да бір бетін қайтарсаңыз баланың еңсесі түсіп, «мен осы үйге керек емес сияқтымын» ғо деп өз алдына шешім қабылдап, кез келген жерде өзі шешім қабылдауға кірісе бастайды. Сондықтан баланы үнемі өзімізге тартып, қолдап отыруымыз керек. 12-17 жастағы жасөспірімдер тез еліктегіш, әрі өскін шақта болғандықтан суицидтік жағдайға тез ұшырайды. Балаға осы жасында көңіл бөліп, олармен сырласа білген жөн. Әке мен ана берген тәрбиені 1000 мектеп бере алмас. Сол себепті баршамыз ойланайық. Балаларымыздың амандығы үшін оларға үнемі көңіл бөлейік ағайын!!!

  4. Құдайым-ау заманымен қоса адам да өзгеріп жатыр ғой қазіргі адамдарда аяушылық сезімі деген мүлдем жоғалған

  5. Қорқынышты мен таныйтын бір балдар қыздар осы ойынға байқаусызда кіріп кеткен . Ə лі 50 күн толмаған бірақ қолдарына киттің суретін сызып алған????

  6. Синий кит тихий домды маған жберші өздерн синий кит тихий домгр жбереин келсин вко тарбагатайга өз бастарың кесіп алайық балаларда неси бар

    • Синни кит тихи дом деген сайтқа жақындаманыздар аулақ болыныздар тек аман болыныздар

  7. Білесіңдерме?Менің бір досым бар.Оның жасы 13те.оның аты аружан.Ал агасы болса Турсынбек.Оның досы осы синий кит деген ойынға тіркелген Вконтакте желісінде.Оған киттің суретін сал деген тапсырма берілген ол қайта интернеттен фотошопты пайдаланған.Сөйтіп сөйтіп өтіріктен тапсырмаларға жауап берген.Сөйтіп её соңында өлімге келгенде.ол мен қазыр 12 этаждан секіремін қош бол деп жазған

  8. Бул ойын суйцедке апарады. Много задания береди и потом оны орындамасан мен сенин жакын адамынды или отбасындагы бир адамды олтрем деп ограбать етеди. Потомушто не играйте в эту игру. Пожалосьта

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version