Басты бет Қоғам Нұрлан Қоянбаев президент телерадиокешенінің креатив директоры болды

Нұрлан Қоянбаев президент телерадиокешенінің креатив директоры болды

Нұрлан Қоянбаев ҚР президенті телерадиокешенінің креатив директоры қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Қоянбаев. Фото Нұрлан Қоянбаевтың Instagram-парақшасынан

Мұны телерадиокешінің Telegram-дағы каналы хабарлады.

Қазақстандық кино және телевизия продюсері Нұрлан Қоянбаев ҚР президенті телерадиокешенінің креатив директоры қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Нұрлан Қоянбаев бұған дейін «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері болған. Республикалық телеарналардағы танымал жобаларды ұйымдастыруға қатысқан.

2021 жылы ҚР президентінің жарлығымен «Шапағат»медалімен марапатталды.

Exit mobile version