Басты бет Жаңалықтар Иран мен Қазақстан арасында әуе рейстері қайта ұшады

Иран мен Қазақстан арасында әуе рейстері қайта ұшады

Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта жанданады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: Reuters.com

2022 жылы 20 сәуірден бастап ирандық «Kish Air« әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық ұшуды орындауды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады, — делінген хабарламада.

Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиология талаптары қатаң сақталады және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сайкес жүзеге асады.

Exit mobile version