Басты бет Жаңалықтар Алматыда «мина қойылған» ұшаққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда «мина қойылған» ұшаққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы әуежайына Минскіден ұшып келген ұшаққа мина қойылғаны туралы жалған ақпарат беру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Polisia.kz

Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге мәліметтер қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды,- деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайының электронды поштасына Минск-Алматы бағытындағы ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен болатын.

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады.

Exit mobile version