Басты бет Жаңалықтар 14-16 сәуір күндері ауа райы қандай болады?

14-16 сәуір күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Timeout.com

Синоптиктер болжамынша, республика арқылы өтетін циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Республиканың біраз өңірінде тұман, батыста шаңды дауыл болады. Тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Елдің солтүстігінде күндіз ауа температурасы 13-18 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады, орталықта 17-22 градус жылы, оңтүстікте 20-25 градус жылы болады деп күтіліп отыр. Шығыста — 12-20 градус жылы болады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version