Басты бет Жаңалықтар Тоқаев «Хабарды» заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

Тоқаев «Хабарды» заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты. Сонымен қатар президентке агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Exit mobile version