Басты бет Жаңалықтар 12-14 сәуір күндері ауа райы қандай болады?

12-14 сәуір күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 12, 13 және 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Chalabala/Thinkstock

Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде найзағай, екпінді жел, нөсер болады деп болжанған.

Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде тұман, батыста және оңтүстікте құмды дауыл болады. Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 10-18-ден 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-17-ден 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометр бағаны 22-32 градусқа дейін көтеріледі, — делінген хабарламада.

Exit mobile version