Басты бет Жаңалықтар Елімізде кезекші ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады

Елімізде кезекші ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекші бөлімшелері қайта ашылды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ХҚКО

Елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиология жағдайын жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚКО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

6 сәуірден бастап облыс орталықтарындағы бөлімшелердің бірі 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дс-жм аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады,- делінген хабарламада.

Exit mobile version