Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды. Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді — жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке ақ орамал тастады.
Геннадий Головкин Риота Муратаны нокаутпен жеңді
Қазақстан боксшысы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді.