Басты бет Қоғам ҰҚК жалған төлқұжаты бар шетел азаматтарын ұстады

ҰҚК жалған төлқұжаты бар шетел азаматтарын ұстады

6 сәуірде Алматы әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды. Мұны ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Аlaport.com

Жүктерін тексеру кезінде олардың өз төлқұжаты табылған.

Алдын ала деректер бойынша олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжат 10 мың АҚШ доллары тұрады, — делінген хабарламада.

Жалған құжаттар тәркіленді. Қазір оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр

Exit mobile version