Басты бет Жаңалықтар Универсиада: Абзал Ажғалиев күміс медаль алды

Универсиада: Абзал Ажғалиев күміс медаль алды

Шорт-тректің 500 метрлік сайыстың ақтық финалына екі бірдей отандасымыз Абзал Ажғалиев пен Денис Никиша шығып, екеуі де жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Бұл сайысқа қатысушылар бәсекені сөреден екі мәрте бастауға тура келді. Себебі, Ажғалиев бірінші мүмкіндігінде фальстарт жасады. Жарысты екінші рет қайта бастаған Ажғалиев мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлде алды.

Денис Никиша болса жарыстың басында құлап қалған еді. Алайда ол орынан жылдам көтеріліп, бәсекені ары қарай жалғастырды. Сөйтіп, мәре сызығын үшінші болып кескен қытайлық спортшы Чен Гуанг біздің отандасымызды итеріп жібергені үшін бәседен шеттетіліп, оның алған қоласы біздің Дениске бұйырды.

500 метрге сайыста корей жігіті Ким До Киюмға тең келер ешкім болмады. Ол 41,175 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесті.

Бұл Қазақстан үшін 28-ші қысқы Универсиада ойындарында алып отырған 27-ші жүлдеміз. Қазір біздің қоржынымызда 10 алты, 6 күміс 11 қола жүлде бар. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version