Басты бет Жаңалықтар Елімізде еңбекке жарамсыздығына байланысты берілетін төлемақы өседі

Елімізде еңбекке жарамсыздығына байланысты берілетін төлемақы өседі

Қазақстанда еңбекке жарамсыздығына байланысты берілетін төлемақы өседі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

Фото: Gov.kz

Министрлік «2022 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап осы уақытқа дейін тағайындалған жұмысқа жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 4% ұлғайтылсын, – делінген құжатта.

Бұл шешім халықтың аз қамтылған тобына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қабылданды. Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Exit mobile version