Басты бет Жаңалықтар «Аэрофлот» Мәскеуден Қазақстанға тікелей әуе рейстерін іске қосады

«Аэрофлот» Мәскеуден Қазақстанға тікелей әуе рейстерін іске қосады

Ресейлік "Аэрофлот" әуе тасымалдаушысы Мәскеуден (Шереметьево) Қазақстанның алты қаласына тікелей рейстер ашатынын хабарлады.

Фото: Reuters.com

Әуе рейстері 23 сәуірден бастап ұша бастайды.

«Аэрофлотпен» Мәскеуден Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағандыға барып-қайтуға болады. Жолаушыларды Superjet 100 ұшақтары тасымалдайды. Рейстердің кестесі әуе компаниясының сайтында жарияланған.

Еске салайық, «Аэрофлот» Қазақстанға ұшуды 2022 жылғы 8 сәуірде тоқтатқан болатын.

Бұған дейін 8 сәуірден бастап Сочиден Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Ақтөбеге дейін рейстер ұшатыны хабарланған еді. Енді әуе компаниясы Мәскеуден рейстердің іске қосылуына байланысты Сочиден Қазақстан қалаларына ұшу кестесіне түзету енгізілгенін ескертті.

Exit mobile version