Басты бет Жаңалықтар Шымкент әуежайына «жарылғыш зат қойылды» деген хабар тарады

Шымкент әуежайына «жарылғыш зат қойылды» деген хабар тарады

Шымкент қалалық әуежайына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

7 сәуір күні Шымкент стансасындағы полицияның желілік бөлімінде аталған факт ҚР қылмыстық кодексінің 273 бабына сәйкес «Лаңкестік акт туралы жалған хабарлама тарату» ретінде тіркелді, — делінген хабарламада.

Хабарламаға сәйкес, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар, ҚР қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес тергеу басқа ақпарат таратуға жатпайды.

Exit mobile version