Басты бет Жаңалықтар Вице-премьер қанша адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы өсетінін айтты

Вице-премьер қанша адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы өсетінін айтты

Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы тағы индексацияланады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Фото: Айгүл Хожантаева

Нақтыланған бюджетте оған 111 миллиард теңге қарастырылған.

Инфляция дәлізінің 8-10%-ке дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін қосымша тағы 4%-ке индексациялау жоспарланып отыр. Бұл жиынтық мәнде барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ке, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ке өсуін қамтамасыз етеді, — деді Ералы Тоғжанов мәжіліс отырысында.

Нәтижесінде 4,2 миллион адамның әлеуметтік төлемі ұлғаяды. Бұл мақсатқа нақтыланған бюджетте 111 миллиард теңге көзделген.

Жалпы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджеттен 4 триллион теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 230 миллиард теңгеге артық.

Exit mobile version