Басты бет Жаңалықтар Ақтауда 15 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтауда 15 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады. 

Фото: Lada.kz

Жасөспірімнің туыстары қыз 4 сәуірде сағат 14.30-да 13-шағынаудан, 50Б мекенжайынан шығып, оралмағанын айтты. Қыз қызыл күртеше, қара шалбар және ақ кроссовка киген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, басқарманың жеке құрамы мен еріктілер іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Қыздың туыстары 8 708 946 20 89 нөміріне хабарласуды сұрайды. Құқық қорғау органдарына «102» телефоны арқылы хабарласуға болады.

Exit mobile version