Басты бет Жаңалықтар Тоқаев стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады

Тоқаев стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады

Олжас Төлеуов стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Фото: Ұлттық банк баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Аязбиұлы Төлеуов Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Олжас Төлеуов ұлттық банк төрағасының кеңесшісі қызметінде болған.

Сонымен қатар, ол «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да вице-президент қызметін атқарған.

Exit mobile version