Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда да бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда да бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдағы нысандарға бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат тарады. Бұл туралы полиция хабарлады.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан әуежайы, My car және Lexus автосалондары, сонымен қатар «Хан-Шатыр» және Mega Silk Way сауда орталықтарының электрон мекенжайына белгісіз біреулер жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы қоқан-лоқы жазылған хат жолдаған. Бұл туралы «102» арнасына қоңыраулар түсті, — делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір бұл нысандарды қаланың төтенше жағдайлар қызметі тексеріп жатыр. Адамдарды эвакуациялау жүргізілді.

Қарағандыда сағат 9.00-де «102» телефонына Мұқанов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы аноним хабарлама келіп түскен. Қарағанды облысы ПД жедел кезекшісі барлық шұғыл қызметтерді жіберді. ХҚКО ғимаратынан 31 адам эвакуацияланды. Оны тексеру кезінде жарылғыш зат табылған жоқ, — деді қарағандылық құқық қорғау органдары өкілдері.

Айта кетейік, Алматыда үш банк, екі сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай және оқу орнына бомба қойылды деген хабар түсті.

Exit mobile version