Басты бет Жаңалықтар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар: құтқарушылар ескерту жасады

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар: құтқарушылар ескерту жасады

Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде Алматы тауларында 19-24 наурыз аралығында қар көшкінінің қаупі сақталады.

Фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қар көшкіні қаупінің сақталуына байланысты мереке күндері тауға аттанған адамдардың назарына жадынама таратылып, қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Медеу» тау кешенінде туристер мен демалушыларға таулы жердегі қауіпсіз жүріп-тұру шаралары туралы жадыныма таратылды.

Алматы тұрғындары мен қонақтары тік қарлы беткейге шықпағаны абзал. Тауда абай болыңыздар. Көшкін қаупі туралы дауылды ескерту сақталады,- деп ескертті қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Exit mobile version