Басты бет Жаңалықтар Білім министрлігі ЛГБТ-ға қатысты бағдарлама әзірленіп жатқанын жоққа шығарды

Білім министрлігі ЛГБТ-ға қатысты бағдарлама әзірленіп жатқанын жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде "мұғалімдер қазақтың балаларын гомосексуализмге толерантты болуды үйрететін құжатты әзірледі" деген ақпарат тарады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда оқушыларға арналған «ЛГБТ дамыту» және ерте жыныстық ағарту бойынша бағдарлама әзірленіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл тағы бір фейк. Осындай тақырыптарды насихаттау бойынша қандай да бір оқу бағдарламалары мен пәндер жоқ және болмайды да, — делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен бірге білім министрлігі мұғаілімдердің мұндай бастама көтермегенін айтты.

Exit mobile version