Басты бет Қоғам Данияр Ақышев Назарбаевтың көмекшісі қызметінен босатылды

Данияр Ақышев Назарбаевтың көмекшісі қызметінен босатылды

Данияр Ақышев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қызметінен босатылды. Мұны Elbasy.kz хабарлады.

Данияр Ақышев Фото: Prodengi.kz

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасының көмекшісі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Данияр Ақышев 1976 жылы Алматыда туған. 2015 жылғы қарашадан 2019 жылғы ақпанға дейін ұлттық банкті басқарды. 2019 жылғы ақпан-сәуірде Назарбаевтың кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2019 жылғы 9 сәуірде бұрынғы президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

Exit mobile version