Басты бет Қоғам Ең дәмді бауырсақ пен шелпекті пісірудің оңай жолы

Ең дәмді бауырсақ пен шелпекті пісірудің оңай жолы

Шелпек пен бауырсақ - қазақ халқының дастарханынан жиі табылатын дәм. Оны кез келген мейрам мен қаралы күнде дастарханға қояды, таратады және пісірген нанға Құран бағыштайды. Baribar.kz жеті нан мен бауырсақты оңай пісіру әдісін көрсетеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бүгін біз шелпек пен бауырсақтың қамырын бірге илеп жасаймыз.

Оған қажет ингредиенттер:

  • Ұн;
  • Сүт;
  • Су;
  • Майонез;
  • Шекер;
  • Ашытқы;
  • Тұз.
шелпек, бауырсақ
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ең әуелі бір кесе сүт пен жарты кесе суды үлкен табаққа құйыңыз. Сүт пен судың жылы болуы маңызды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кейін оған екі-үш ас қасық қант пен бір шай қасық тұз салыңыз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бір шай қасық ашытқы мен үш-төрт ас қасық майонез қосып, жақсылап араластырыңыз. Майонез болмаса, үш-төрт ас қасық күнбағыс майын қосуыңыз керек.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мөлшеріне қарай ұн қосып, қамырдың иінін қандырып илеңіз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Дайын болған қамырдың бетін жауып, жылы жерге бір-бір жарым сағатқа қойыңыз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Содан кейін ашыған қамырды екіге бөлеміз. Оның бір жартысынан шелпек, екіншісінен бауырсақ әзірлейміз. Шелпекке арнаған қамырды 7 бөлікке бөліңіз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кейін әрқайсын оқтаумен жұқалап жайып, дөңгелек пішінге келтіреміз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Табаға май құйып, оны қыздырыңыз. Кейін қызып тұрған майға жеті шелпекті қуырыңыз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шелпектің бір беті ашық сарғыш болғанда бірден екінші бетіне ауыстыру керек. Майда көп ұстасаңыз, шелпек қытырлақ болып қалады. Сол себепті жылдам әрі мұқият болу қажет.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шелпек дайын болған соң бауырсақты пісіруге кірісеміз. Ең бірінші оның қамырын оқтаумен біркелкі етіп жайып алыңыз. Кейін өз қалауыңыз бойынша пішінін кесуіңізге болады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кесілген бауырсақтарды қызып тұрған майға пісіреміз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бәрі дайын! Шелпекті көрші-қолаңға немесе жақындарыңызға таратуыңызға болады. Асыңыз дәмді болсын!

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Exit mobile version