Басты бет Жаңалықтар Президент: Мемлекеттегі монополия деградацияға әкеледі

Президент: Мемлекеттегі монополия деградацияға әкеледі

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі көп істі президенттің атқаруы дұрыс емес екенін алға тартып, Amanat партиясындағы төраға лауазымын босатуға дайындалуға ниетті екенін айтты.

Тікелей эфир скрині

Бізде барлығы президентке жүктеледі. Мұны мен дұрыс емес деп есептеймін. Біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз қажет. Мен үшін елдің ұзақ мерзімді мүддесі билік пен кез келген қосымша күштен маңыздырақ. Сол себепті Amanat партиясының съезінде биыл партия төрағасы қызметінен кетуге дайындалуға ниетім бар екенін айттым. Саясаттағы монополия әртүрлі әлеуметтік дерт пен мемлекеттің деградациясына әкеледі, — деді президент жолдауында.

Exit mobile version