Басты бет Жаңалықтар Елімізде кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізіледі

Елімізде кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізіледі

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізіледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ашық дереккөз

Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс кешендерін салу, бар құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды.

Құрылыс үрдісі тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сияқты қағидаларды ескере отырып, жүзеге асырылады. Бас және егжей-тегжейлі жоспарларды сапалы әзірлеуді, сонымен бірге оларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу жоспарланып отыр,- делінген хабарламада.

Бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу сапалы жоспарлауды, бастапқы материалдарды кешенді тексеруді, қала жобаларын әзірлеу және келісу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді деп күтіледі.

Exit mobile version